26 жастағы Беларусь құрамасының қорғаушысы Сергей Карпович жаңа маусымда "Қайсардың" намысын қорғайды.
"Динамо" Минсктің түлегі клубтық мансабында бірнеше белоруссиялық командада доп тепкен. Атап айтсақ, "Береза 2010", "Нафтан", "Минск", "Городея", "Торпеда Белаз" және "Ислочь".
Өткен маусымда "Ислочь" сапында 27 ойынға қатысып, 1 гол соққан. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Сергей Беларусь құрамасына шақырту алып жүр.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметi
Біздің серіктес: FONBET