«Қайсар» белоруссиялық футболшымен толықты

22.03.2022, 15:59
Футболшы бұған дейін тек өз елінде доп тепкен.

Қызылордалық «Қайсар» 27 жастағы беларусь жартылай қорғаушысы Сергей Бондаренкомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Сергей Бондаренко - «Динамо Минсктің» түлегі. Ол бұған дейін тек өз елінде доп тепкен. Нақтырақ айтсақ, «Сморгон», «Береза-2010» және «Локомотив» командаларында ойнады. Беларусь бірінші лигасында бас-аяғы 194 кездесу өткізіп, 12 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.