«Қайсар» белоруссиялық қорғаушымен қош айтысты

09.07.2021, 05:00
Сергей команданың негізгі қорғаушысына айналған еді.

27 жастағы белоруссиялық қорғаушы Сергей Карпович "Қайсардан" кетті, деп хабарлайды қызылордалық клубтың баспасөз қызметі.

Қос тарап өзара мәміле бойынша еңбек келісім-шартын бұзды.

Сергей Карпович "Қайсар" сапына наурыз айының басында қосылды. Команданың негізгі қорғаушысына айналған Карпович осы уақытқа дейін 17 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді.