«Қайсар» Буркин-Фасо азаматын қатарына қосты

21.01.2023, 00:15


ҚПЛ қайта оралған "Қайсар" команданы күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар қорғаушы Бен Загремен келісімшартқа отырды.

Орталық қорғаушы Португалия, Армения және Дания біріншіліктерін көрген. Ұлттық құрама үшін Бен бір ойын өткізіпті. Ол матч Египетке қарсы жолдастық кездесу екен.

Ойыншының соңғы рет өнер көрсеткен клубы "Фафе". 2022 жылдың шілде айынан бері Загре клуб іздеп, зарлап жүрді. 

Еске салайық, "Қайсар" бірінші лигада 2 орын алып, ҚПЛ қайта өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Қызылордалық ұжымды бәрімізге таныс Виктор Кумыков тәлімдейді. Ол "Атырау", "Шахтер", "Ордабасы", "Елім-ай" және "Есіл" командаларында қызмет атқарған.