Жарнама
Жарнама

«Қайсар» бұрынғы бапкеріне қайтадан сенім артуы мүмкін

07.12.2021, 21:41
Никитенко Бірінші лигаға түскен команданы баптағысы келмейді.
Жарнама
Жарнама

Қызылордалық «Қайсарды» келесі маусымда Сұлтан Әбілдаев жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

«Бірінші лигаға түскен «Қайсарды» мамыр айында қызметінен қуылған Сұлтан Әбілдаев жаттықтыратын сияқты.

Қалай десек те, Сұлтан Тоқатайұлы клубтың қазіргі ойыншыларымен және жаңадан келуі мүмкін футболшылармен де байланысуда. Әбілдаев өзін жұмыстан босатқан Серік Досманбетов пен Талғат Сыздықов тарапынан тағы бір мүмкіндікке ие болмақ.

Дегенмен, Досманбетов пен Сыздықов «Қайсар» ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалуы мүмкін деп үміттенуде, егер олардың арманы жүзеге асса, Владимир Никитенко өз орнын сақтап қалуы әбден мүмкін. Бірақ оның Бірінші лигаға түскен «Қайсарды» жаттықтырмайтыны анық», - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров