26 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович жаңа маусымда "Қайсар" клубының намысын қорғайтын болады.
Йован өткен жылы Қазақстан Премьер лигасында "Тараз" сапында ойнап, жанкүйерлердің оң бағасын алған еді. Сондай-ақ черногориялық футболшы клубтық мансабында сербиялық "Телеоптик", "Партизан", "Бежания", "Земун", "Борац", литвалық "Судува" секілді командаларда доп тепкен. Қызылордалық клуб жаңа ойыншымен жыл соңына дейін келісім-шартқа отырды.
Чадженович өткен жылы "Тараз" клубының негізгі ойыншысы болды. Жамбылдық клуб жейдесінде 20 ойынға қатысып, бір гол соқты.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET