Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы жиын барысында кезекті жолдастық кездесуін даниялық «Ишой» клубына қарсы өткізді.
Бұл кездесуде Сұлтан Әбілдаев қаралымда жүрген бірнеше футболшының әлеуетін байқап көрді. Жан алысып, жан беріскен кездесуде даниялықтар бір гол соғып, ойын тағдырын шешті.
«Қайсар»: Калмыков (Салайдын), Сарбай (Төлегенов), Лаша (Кәмбіл), Горизанов (Бауыржан), Сахалбаев (Байжанов), Сламбеков (Құрманбекұлы) , Ануарбеков (Сейтов), Алтынбеков (Махан), Құлмағанбетов, Әбілқасов.
Енді қызылордалық клуб 11 наурызда Швеция суперлигасында бақ сынайтын «Эстерсундпен» шеберлік байқалады.
Біздің серіктес: FONBET