Жарнама
Жарнама

«Қайсар» екі ойыншымен қош айтысты

14.02.2021, 03:00
Команда сапына қазақстандық шабуылшы келіп қосылды.
Жарнама
Жарнама

"Қайсардың" Белектегі жаттығу жұмысы басталуға жақын. 15 ақпанда қасқырлар Түркиядағы соңғы жиынын бастайды. Бүгін команданың шабуылшысы Елжас Алтынбеков қатарға қосылды. Қызылордадағы жиында жарақат алып қалған ойыншы Жерорта теңізінің жағасындағы алғашқы жиыннан тыс қалған еді

Бапкерлер құрамына қаралымда жүрген бірнеше ойыншымен қоштасуға тура келді. Талапқа сай болмаған футболшылар команда сапынан кетті. Соның бірі қорғаушы Линас Климавичус. Линас "Қайсардың" жиындағы үш кездесуіне де қатысып, негізгі құрамнан табылған еді.

Қаралымға келген бразилиялық шабуылшы Грейф Клейтон да бапкерлер көңілінен шықпады. "Палмейрастың" түлегі "қасқырлармен" 1 апта жаттығу жасап, "Десна" және "Факелге" қарсы кездесуде алаңға шыққан еді.

16 ақпанда Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы "Қайсардың" жаттығу жиынына қатысады деп жоспарлануда. Байсуфинов бастаған бапкерлер жаттығу жиынында ойыншылардың біліктілігін байқап көрмек.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров