Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы қорытынды ойынын өткізді. Бұл матчта қазақстандықтар словакиялық «Белуса» футболшыларына қарсы ойнап, 9:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Алғашында «Қайсар» клубы тулалық «Арсенал» клубымен ойнауы керек еді. Алайда, соңғы сәттерде жоспар өзгеріп, жасыл алаңға Словакия футболшылары шықты.
«Қайсар» ойыншылары матчта екі құрамда өнер көрсетті. Ойынның алғашқы таймы 3:0 есебімен аяқталды. Қалған 6 допты қарсыластар қақпасына командаға тыңнан қосылған футболшылар салды.
Bnews.kz