Жарнама
Жарнама

«Қайсар» Испания секілді чемпион болып кетуі мүмкін

20.01.2011, 21:31
Жарнама
Жарнама
Сыр елі жыр елі атанған Қызылорда мекені тек өнерлі өрендердің өңірі емес, Олимпиадада, Әлемдік, Азиада, өз еліміздегі чемпионаттарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып журген спортшыларданда кенде емес. Осындай чемпиондарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып  жүрген, ерен еңбектері үшін  «Құрмет» орденінің, «Ұлттық спорт үздігі» белгісінің, 2009 жылы «Жылдың ең үздік қызметкері» номинациясының иегері Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев мырзамен сұхбаттасудың реті келді. -       Аға, қазіргі таңда «Қайсардың» хал ахуалы көңіл қуантарлықтай емес. Бұрынғы «Қайсар» мен бүгінгі «Қайсардың» салыстырсақ арасы жер мен көктей. Мұндай төмен нәтиже көрсетуіне не себеп болды, тіпті ел арасында «Қайсар» мүлдем ойнамауыда мүмкін деген сөздер тарап жүр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? -       ««Қайсар» ойнамайды» деген тек жел сөз ғана. «Қайсар» ойнаған, ойнайды да. Футболда үнемі жеңу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Ол таразы сияқты бірде жоғары, бірде төмен. Бірде дайындық басым болса, бірде дайындық деңгейі төмен болады. Мысалы, өткен Әлем чемпионатында Испания жеңеді деп ешкім ойламады. Бірақ, Испания - Чемпион. «Қайсарда» дәл солай чемпион болып кетуі дәсте ғажап емес. Барлық мәселе қаржыға келіп тіреледі. Қаржы мәселесінің әсерінен тобымыздың белді мүшелері Б.Байжанов, Нестеренко, Похалюк сынды футболшыларымыз «Ордасбасы», «Локоматив» клубына мүше болып кетті. Ең қиын болғаны қаржының аздығы бас жаттықтырушымызғада әсер етіп, «Қайсардан» бас тартты. Ойыншыларымыз, жаттықтырушыларымыз кетіп жатқанда, демеушілерде қаржы жағынан дағдырысқа ұшырағандықтан көмек бере алмайтындарын айтып, оларда жығылғанның үстіне жұдырық болды. 2008 – 2009 жылдары бюджеттен 300млн тенге бөлінсе, ал 2010 жылы 130 млн тенге бөлінді. Қаржының аз бөлінуі командаға көп әсерін тигізді. Биылғы жылы бюджеттен жеткілікті түрде 358млн 529000 тенге бөлінді. Қосымша демеушілерімізде өз көмектерін беретін болды. Қазіргі таңда демеушілермен тығыз байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Айды аспанға ұшырып үлкен нәтижеге жетеміз деп айта алмаймыз. Биылғы жылы алға қойған мақсатымыз супер лигадан түсіп қалмау. Мәскеуде бірден тұрмаған ғой. Команда жай болса да жиналу үстінде. Жұмыс жасалуда. «Қайсар» әлі-ақ өз жанкүйерлерін ірі жеңістерімен қуантады деген ойдамыз. -       Естуімізше жекеге өтіп кеткен «Локоматив» стадионы қайтарылып мемлекет иелігне өтіпті. Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз? -       Иә бір кездері Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына өтіп кеткен бұрынғы «Локоматив» стадионын қайтадан өзімізге қайтарып алдық. Бұл мәселе премьер-миниистрге дейін жетіп, облыс басшыларынының үлкен қолдауының арқасынды өз шешімін тапты. Облыстық бюджет қаржы бөліп, қазіргі таңда стадионды күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Қазақ футболына айтылатын да, тағылатын да сын көп. Алдағы уақытта қазақ футболына деген теріс пікір тудырмау үшін, жас жеткіншектерді футболға осы стадионда тәрбиелейміз. Енді жеткіншектер шаңы бұрқыраған, ойлы-қырлы жерлерде емес, жасанды газон төселген, арнайы алаңда жаттығатын болады. Жас-жеткіншектердің спортта көрсетіп жүрген жетістіктері жаман емес. Алдағы уақытта бүкіл әлем біздің спортшыларымызға тамсанып, футболымызға жоғары баға береді деген сеніміміз бар. -       Талант ауылдан шығады дейді. Өз қолыңызбен таланттарды ауылдан жетектеп додаға қостыңыз ба? -       Өте дұрыс айтасыз. Талант ауылдан шығады. Жаттықтырушы болған уақытымды талай ауылдың өрендерін әкеліп спортқа баулыдым. Жақсы жетістіктерге жетіп, ел мерейін үстем етіп жүргендері қаншама.  Қазіргі таңда облысқа жауапты болғандықтан жекелей ауыл аралауға уақыт тапшы болып жатады. Болар баланың іс-қимылынан байқап, көрген жерімде спортқа икемі болып жатса,қолдау көрсетіп, сенімді қолдарға тапсырып жатамын. -Әңгімеңізге рахмет, ел мерейін үстем етер футболшыларымыз көп болғай.

Әңгімелескен: Алтынай РАХАТОВА

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Қош бол - "АЛИ САМИ ЙЕН"