Жарнама
Жарнама

«Қайсар» клубы директор мен бас бапкердің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

21.11.2021, 17:05
Әрқайсысының қанша ақша алатыны да белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» баспасөз қызметі республикалық спорт порталдарында тараған клуб директоры Серік Досманбетов, спорт директоры Талғат Сыздықов және бас бапкер Владимир Никитенконың жалақысына байланысты ақпараттың жалған екенін хабарлады. 

«Қайсар» футбол клубының бекітілген штаттық кестесіне сәйкес клуб директоры С.Қ.Досманбетов және спорт директоры Т.М.Сыздықовқа 300 000 теңге көлемінде жалақы тағайындалған. Бас бапкер Владимир Никитенконың жалақысы ақпаратта көрсетілген сомадан 7 есе аз. Яғни бас бапкердің еңбекақысы - 1 000 000 теңге. Сонымен қатар команданың жаттықтырушысы ел чемпионатында ең төменгі жалақы алатын бапкерлер қатарында екенін жеткіземіз», - делінген хабарламада

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров