Жарнама
Жарнама

«Қайсар» Литвада доп тепкен қазақстандық футболшымен толықты

28.03.2022, 20:57
Футболшы былтыр «Ақсудың» намысын қорғады.
Жарнама
Жарнама

Қызылордалық «Қайсар» 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Сламбеков - «Қайрат» академиясының түлегі. Ол бұған дейін «Бәйтерек», «Оқжетпес», «Жетісу», «Ақтөбе», сондай-ақ Литваның «Стумбрас» және «Гегльман» клубтарында өнер көрсетті.

Демият Сламбековтың соңғы клубы «Ақсу» болды, ол өткен жылы павлодарлық команда үшін 11 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров