"Каспий" Қазақстан чемпионатының 16-турында "Қайсармен" кездесті. Ойын Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 2:4 есебімен қызылордалық клубтың пайдасына шешілді.
"Қайсар" сапында Каролис Лаукжемис дубль жасаса, Кларенс Битанг пен Думан Нәрзілдаев бір голдаг соқты. Ал матч соңында Руслан Мингазов пен Рамазан Кәрімов көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты. "Каспий" осы маусымда алғаш рет өз алаңында жеңіліске ұшырады
Владимир Никитенко шәкірттері бұл жеңістен кейін 11 ұпаймен он үшінші орынға көтерілді. Ақтаулық клуб 23 ұпаймен бесінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET