Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының 19-турында Қызылордалық "Қайсардан" оңбай ұтылды. Матч Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.
Ойынның есебін 52-минутта "Қайсар" қорғаушысы Иван Граф ашты. Кездесудің 66-минутында "Ордабасы" қорғаушысы Тимур Досмағамбетов алаңнан қуылды. Ал 69-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Араға 6 минут салып команда капитаны дубль авторы атанды.
"Қайсар" осы жеңістің арқасында 24 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. "Ордабасы" 27 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET