"Қайсар" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Ақтөбе" командасын жеңді. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
"Қайсардың" капитаны Думан Нәрзілдаевтың алаң ортасынан асырған пасын Каролис Лаукжемис керемет тосып алып, қақпаға бағыттады. Литвалық шабуылшының бұл голы "Қайсардың" үш ұпай алуына себепкер болды.
"Ақтөбені" қатарынан екінші матчта жеңген Владимир Никитенко шәкірттері С тобында 8 ұпаймен көш бастап тұр. Ұпайы жоқ "Ақтөбе" ең соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET