Жарнама
Жарнама

«Қайсар» өз алаңында «Ордабасыдан» басым түсті

04.07.2021, 04:05
Шымкенттік клубтың екі голы есепке алынбады.
Жарнама
Жарнама

"Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы туры аясында "Ордабасымен" кездесті. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды "Қайсардың" жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов 42-минутта соқты. Ал шымкенттік клуб екі гол соққан еді, төреші қос голды да есепке алмады.

Үш ұпайға қол жеткізген қызылордалық клуб 15 ұпаймен он үшінші орынға табан тіреді. "Ордабасы" 27 ұпаймен бесінші орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров