«Қызыл-Жар» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Қайсарды» қабылдады. Матч Петропавлдағы «Қарасай» стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 15-минутында Елжас Алтынбеков «Қайсарды» алға шығарды, бірақ бес минуттан кейін Элгуджа Лобжанидзе есепті теңестірді. Ал 89-минутта қосалқы құрамнан шыққан Кирилл Сидоренко жеңіс голын соғып кетті.
«Қызыл-Жар» – «Қайсар» – 1:2
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Евгений Козлов, Марк Гурман, Валерий Каршакевич, Матео Мужек, Еркін Тапалов – Сергей Тихоновский, Павел Яковлев – Тимур Мульдинов, Дарко Зорич, Элгуджа Лобжанидзе;
«Қайсар»: Никита Калмыков (қ) – Константин Горизанов, Абылайхан Төлегенов (к), Артем Дылевский, Амал Сейітов – Демият Сламбеков, Дидар Жалмұқан, Бекзат Кұрманбекұлы – Елжас Алтынбеков, Нұрбол Әнуарбеков, Өркен Махан;
Біздің серіктес: FONBET