Қызылордалық «Қайсар» 21 жастағы жартылай қорғаушы Амал Сейітовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Амал Сейітов – Алматы футболының түлегі. Кәсіби футболдағы мансабын жергілікті ЦСКА-да бастаған. Кейін «Жетісудың» жастар командасында ойнады.
Сейітов өткен жылы «Қыран» сапында өнер көрсетіп 19 матчта 8 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Маусымаралық үзіліс кезінде футболшы «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қатысып, бапкерлер құрамының көңілінен шықты.
Біздің серіктес: FONBET