Жарнама
Жарнама

«Қайсар» сапына екі ресейлік футболшы қосылды

02.02.2021, 02:35
Бірі қақпашы, бірі қорғаушы екен.
Жарнама
Жарнама

"Қайсардың" Түркиядағы жаттығуына ресейлік қақпашы Артем Леонов қосылды.

Жаттығу барысында қақпашылар арасындағы бәсекелестік артуда. Артем өткен маусымда беларуссиялық "Минск" командасының негізгі қақпашысы болған. "Краснодар", "Мордовия", "Уфа", "Крылья Советов", "СКА Хабаровск" секілді командалардың намысын қорғаған Артем әзірге сынақтан өтуде.

27 жастағы ресейлік қорғаушы Егор Потапов "Қайсардың" бүгінгі жаттығуына келіп қосылды.

Өткен маусымда беларуссиялық "Славия" командасында өнер көрсеткен Егор бапкерлер көңілінен шығу үшін барын салмақ. Потапов клубтық мансабында бірнеше командада өнер көрсеткен. Атап айтсақ, ресейлік "Русь", "Звезда", литвалық "Гранитас", эстониялық "Локомотив", қырғызстандық "Дордой" және беларуссиялық "Смолевичи" сынды командаларда доп тепкен. Егор алдағы күндері өтетін жолдастық кездесулерге қатысады деп күтілуде.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров