"Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына Армения құрамасының шабуылшысы Гегам Кадимян келіп қосылды.
Гегам мансабында бірнеше командада өнер көрсеткен. Атап айтсақ, украиналық "Арсенал", "Титан", "Говерла", "Олимпик", "Карпаты", "Заря", "Ворскла" және арменялық "Пюник" пен "Алашкерт" командаларында доп тепкен. Кадимянның соңғы клубы - беларуссиялық "Неман". 28 жастағы футболшы Беларусь біріншілігінде 29 ойынға қатысып, 12 гол соққан.
Айта кетейік, "Қайсар" жаттығу жиынында екі жолдастық матч өткізіп үлгерді. "Шкендиямен" (1:1) тең ойнады, ал "Деснаны" (1:0) минималды есеппен жеңді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметi
Біздің серіктес: FONBET