29 жастағы литвалық шабуылшы Каролис Лаукжемис еркін агент ретінде румыниялық «УТА-Арад» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Еске сала кетейік, Лаукжемис «Қайсар» сапында өткен жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетті. Ол «қасқырлар» сапында 31 матч өткізіп, 9 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
«УТА-Арад» клубы Румынияның жоғарғы дивизионында өнер көрсетеді. 21-турдан кейін команда 9-шы орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET