Жарнама
Жарнама

«Қайсар» Шымкентке аттанды

22.07.2020, 14:41
ҚПЛ матчтары Шымкентте өткізілуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Қызылордалық «Қайсар» карантинге байланысты өз қаласында жаттығу мүмкін болмағандықтан Шымкентке аттанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Команда тамыз айында Еуропа Лигасында дебют жасайды. Шымкентте «Қайсар» «Биік» футбол базасында жаттығатын болады. Жаттығу санитарлық режимнің барлық талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілетіндігі айтылды.

Журналист Айдын Қожахметтің айтуынша, әкімдік «Қайсарға» Қызылордада жаттығуға тыйым салған. Команданың өз қаласына қашан оралатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін ҚПЛ матчтарын Шымкентте өткізуі мүмкін деп хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров