Жарнама
Жарнама

«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

15.03.2022, 16:15
Қызылордалық клуб бұл жиында төрт матч өткізді.
Жарнама
Жарнама

Қызылордалық «Қайсар» Түркияда өткен үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Наурыз айының 2-де басталған жиында бас бапкер Сұлтан Әбілдаев 4 жолдастық кездесу ұйымдастырып, қаралымға келген футболшылардың әлеуетін байқады.

«Дала қасқырлары» украиналық «Альянс» (0-0) және Швецияның белді клубы «Эстерсундпен» (0-0) тең түссе, даниялық «Эшой» (0-1) мен ресейлік «Шинникке» (0-3) жол берді.

15 күнге жоспарланған жаттығу жұмыстарында футболшылар физикалық және тактикалық жаттығуларға ден қойды.

Енді «Қайсар» наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында жиналып, жаңа маусымға соңғы дайындығын пысықтайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров