Қызылордалық «Қайсар» 19 жастағы қорғаушы Константин Горизанов, 18 жастағы жартылай қорғаушы Ислам Әбілқасов және 23 жастағы шабуылшы Нұрбол Әнуарбековпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Горизанов «Қайсар» сапында 52-нөмірмен өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол «Шахтер-Болаттың» негізгі қорғаушысы болды. Бірінші лигада 20 матч өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Ислам Әбілқасов - Қызылорда футболының түлегі. Бұған дейін «Қайсар» және «Байқоңыр» жастар командаларында өнер көрсеткен. Ол командада 10-шы нөмірмен ойнайтын болады.
Нұрбол Әнуарбеков - Павлодарлық футболының түлегі. Ол өзінің мансабын «Екібастұзда» бастап, 2016-2021 жылдар аралығында осы клубта өнер көрсетті. 2019 жылдың басында «Ертіске» жалдау шарты бойынша ауысып, павлодарлық клубтың жастар құрамасында доп тепті (14 матч).
Өткен жылдың сәуір айында «Ақсумен» келісім-шартқа отырып, бүгінгі күнге дейін өнер көрсетті. «Ақсу» жейдесінде Әнуарбеков 24 кездесу өткізіп, 5 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET