«Қайсар» үш футболшымен келісім-шартты ұзартты

21.03.2022, 22:04
Үш футболшы да «Қайсардың» тәрбиеленушілері болып табылады.

Қызылордалық «Қайсар» қақпашылар Нұрымжан Салайдин, Нұрмат Сәрсенов және жартылай қорғаушы Бекзат Құманбекұлымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Үш футболшы да «Қайсардың» тәрбиеленушілері болып табылады және бұған дейін тек қызылордалық командаларда өнер көрсетті.

26 жастағы Нұрымжан өткен маусымда «Қайсар» жейдесінде 11 кездесу өткізіп, 15 гол жіберіп алған.

19 жастағы Нұрмат өткен маусымды «Байқоңыр» мен «Қайсар-Ж» клубтарында өткізді.

21 жастағы Бекзат қызылордалық клубтың намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасына кандидат футболшы.