KazFootball.kz тілшісіне белгілі болғандай, «Қайсар» бас бапкер қызметіне 64 жастағы қазақстандық маман Владимир Никитенко тағайындалды.
Бұған дейін бұл лауазымда Сұлтан Әбілдаев жұмыс жасаған болатын. 14 турдан кейін 7 ұпаймен «Қайсар» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.
Владимир Никитенко өзінің жаттықтырушылық мансабында «Тобыл», «Атырау», «Ақтөбе», «Қайсар», «Қайратты», сондай-ақ Қазақстанның U-21 жастар құрамасын баптаған. Бапкер ретінде ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы және төрт дүркін Кубок иегері атанды. Қазақстандық маман соңғы мәрте «Тараз» клубында жұмыс істеді.
Түркістандық «Тұран» командасына қарсы матч Владимир Никитенко үшін «Қайсардың» бас бапкері ретіндегі алғашқы ойын болады.
Біздің серіктес: FONBET