Бүгінгі күні Қызылорданың «Қайсары» Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүр. Біздің команданың бұл дайындығына жаңа бапкер бастап барғанын жанкүйер қауымы жақсы біледі. Ақпан айының алғашқы күнінде «Қайсарға» жергілікті футболдың түлегі Сергей Когай бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалған еді.
Бас бапкер есебіндегі С.Когайдың тұсаукесер ойыны жеңіліспен басталды. Бұл жолы жерлестеріміз Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен жасыл алаңға шықты. Өкінішке орай, аталмыш кездесуде қарсыластар біздің қақпаға жауапсыз үш доп соқты. Әрине, ол біздің ұжымның екінші оқу-жаттығу жиынындағы бірінші матчы саналады. Алдағы уақытта қызылордалық футболшылар өз деңгейіндегі ойындар өткізетініне сенім артамыз. Осыдан кейін команда басшылығы бірқатар футболшылардың қызметінен бас тартты.
Біздің серіктес: FONBET