Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» ең үздік шабуылшысы командадан кетті

19.11.2020, 01:18
«Қайсар» маусымның соңғы бөлігінде жергілікті футболшылармен ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, "Қайсардың" 28 жастағы грузиялық шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе қызылордалық клубтан кетті.

Грузия ұлттық құрамасының ойыншысы Элгуджа Лобжанидзенің қызылордалық клубпен келісімшарты аяқталды және футболшы "Қайсардан" қазіргі чемпионатты аяқтамай кетіп қалды. Осы маусымда ол 12 матчқа қатысып, 7 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді және 1 ескерту алды.

Сонымен қатар, Марк Гурман, Александр Колев, Қуаныш Қалмұратов және Елдос Ахметов те "Қайсардан" кетіп қалды. Қостанайдың "Тобылына" тиесілі Максим Федин мен Александр Марочкиннің де келісімдері аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров