Жарнама
Жарнама

«ҚАЙСАРДЫҢ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

20.01.2012, 22:40
Жарнама
Жарнама
Қызылорданың “Қайсары” бүгінгі күндері Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаңа маусымға дайындық шарасы 26 қаңтарға дейін созылады. Жиын барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Биыл “Қайсар” жанкүйер сенімінен шығатын ойын көрсетсек дейді. Сол мақсатта жұмыс жасауда. Көптеген футболшылар сынақтан өтіп жатыр. Олардың арасында шетелдік және қазақстандық ойыншылар да бар. Өзге елден украиналық О.Шмаков пен уругвайлық К.Мартинс үстіміздегі жылы қызылордалық ұжымның жейдесін киюге құлықты болып отыр. Былтыр командада ойын көрсеткен легионерлер Г.Црногорац, Б.Семлер, Ф.Эдейпо және И.Перич те сынақтан өтуде. Қазақстан футбол федерациясының шешімі бойынша биыл әрбір қазақстандық ұжым өз қатарына жеті легионерді тарта алады. Оның бесеуінің ойынға қатысуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Өзбекстанның “Бунедкор” ұжымынан Асқар Жәдігеров “Қайсарға” келуге ниет жасап отыр. Сыр футболының түлегі Алдан Балтаев қазіргі күндері Қостанайдың “Тобыл” командасына аттанып кетті. Ол украиналық белгілі бапкер Вячеслав Грозныйдың сенім артқан шәкіртінің бірі болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде Алдан қостанайлық команда бапкерлерінің көңілінен шығып отырған көрінеді. Өткен жылы біздің ұжым Павлодардың “Ертісінен” жалға алған Тимур Байжанов “Қайсардың” қатарында қалуы ықтимал.

Әділжан ҮМБЕТ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров