Қазақстан чемпионатының 9-шы туры да өз мәресіне жетті. Тур қорытындысы бойынша, кестенің көш басында бірден үш команданың ұпайы тең. "Ақтөбе" елордадағы кездесуде "Оқжетпестен" басым түссе, "Ордабасы" Қостанайда жеңіске жетті. Ал, алматылықтар өз алаңында кеншілерді тас-талқан етіп, шымкенттік және ақтөбелік ұжымдармен бірге көш бастады.
Екі тур бұрын өз алаңында "Таразға" есе жібергеннен кейін, қызылордалық команда жанкүйер тарапынан сынға ұшыраған еді. Чемпионат басталғалы бері, бір мәрте 3 ұпайға қол жеткізіп, бар болғаны қарсылас қақпасын 3 рет дәл көздеген "Қайсар", ел чемпионы "Астананы" қабылдады. Өткен турда басты қарсыласы "Қайратты" соңғы минуттарда тізе бүктірген "Астана", әрине бұл матч алдында фаворит есебінде болды.
Бірақ, Дмитрий Огай командасы жауапты кездесуде мінез танытты. 9-шы минутта есеп ашып, жылдам голды салып үлгерген "Қайсар" футболшылары қарсыласты есеңгіретіп тастады. "Астана" бұндай қарқынды күтпесе керек, шабуылға шыға алмай абыржыды. Дегенмен, тайм аяғына дейін есеп өзгермей, қос команда үзіліске кетті.
Екінші таймды ширақ бастамаса қонақтар үшін жағдай қиын болатын еді. Себебі, "Қайсар" есепті ұстап тұруға шебер команда. Әйткенмен, Станимир Стойловтың ойыншы алмастырудан жаңылмаған екен. Алаңға тыңнан қосылған сербиялық 20 жасар жартылай қорғаушы Максимович, есепті теңестіріп, қатарынан екінші матчта мергендігімен көзге түсті.
Огай да қарсыласынан қалысқан жоқ. Ол да көрегендік танытты. Астаналықтардың голынан 3-4 минут өткен соң, алаңға Жасұлан Молдақараевты шығарған еді. Дәл осы футболшы "Қайсар" үшін жеңіс алып келді. Жасыл алаңға шығысымен белсенділік танытып, көп ұзамай жеңісті голдың авторы атанды. Сөйтіп "қасқырлар" маңызды үш ұпайды қоржынға салып, 8-ші орынға көтерілсе, "Астана" төртінші орынға бір-ақ түсті.
Қайсар-Астана-2:1(1:0)
Голдар: Мулдаров, 9(1:0). Максимовия,69(1:1). Молдақараев, 77(2:1)
Өткен турдың ғана емес, жалпы осы чемпионат басталғалы бері ең тартысты ойын "Астана-Аренада" өтсе, осы турда да елордадағы стадионы тағы бір драманың куәсі болды. "Оқжетпес" алаң қожайындары ретінде Ақтөбеден келген қонақтарды қабылдаған еді. Хайруллин бірінші таймда "Ақтөбені" алға шығарғанымен, көкшетаулықтар үзілістен шыға сала таблодағы есепті теңестірді. Ал, ойынның 77-ші минутында, "Оқжетпеске" қараша айына дейін жалға берілген ресейлік легионер Дмитрий Сычев гол соғып, командасын алға шығарды. Бірақ, "Ақтөбе" бар-жоғы 3 минуттың ішінде жеңісті жұлып әкетті. Пиззели 83-ші минутта есепті теңестірді, Неко 86-шы минутта командаға 3 ұпай әкелді. "Оқжетпес" үздік алтылықтан сырғып, алға "Атырауды" жіберіп алды. Ал, "Ақтөбе"-осы маусымдағы голды ең аз өткізген, әрі жеңілістің ащы дәмін татпаған екі команданың бірі.
Оқжетпес-Ақтөбе-2:3(0:1)
Голдар: Хайруллин, 23(0:1). Роткович, 47(1:1). Сычев, 77(2:1). Пиззели, 83(2:2). Неко, 86(2:3)
Жеңіліске ұшырамаған екі команданың бірі "Ақтөбе" болса, екінші шымкенттік "Ордабасы". Бұл турда Виктор Кумыков командасы Қостанайға қонаққа барып, олжалы қайтты. Төрешінің ысқырығы естілісімен, бірден ойын тізгінін өз қолдарына алған "Ордабасы" жігіттері 20-шы минутқа дейін, 2 гол салып үлгерді. Гейнрих 1-шы минутта матчтағы бірінші голды атына жазса, 19-шы минутта Симчевич есепті еселеді. 32-ші минутта алаң иелерінің шабуылшысы Бугаев бір гол салып, тең нәтижеге үміт отын жаққанымен, 6 минуттан соң Божич матч тағдырын шешіп тастады. Маусымның басты сенсациясы "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Қайратпен" бірінші орынды бөлісіп тұр.
Тобол-Ордабасы-1:3(1:3)
Голдар: Гейнрих, (0:1). Симчевич, 19(0:2). Бугаев, 32(1:2). Божич, 38(1:3)
Қалған кездесулерден "Жетісудің" маусымдағы алғашқы жеңісін атап өтуге болады. Талдықорғандықтар өз алаңында "Таразды" минимальды жеңіп, соңғы орыннан жоғары көтерілді. Ал, Алматыға қонаққа келген "Шахтер" тас-талқан болып, соңғы орынға түсіп қалды. Екі жыл бұрын Еуропаны шулатқан ұжым күн санап құрдымға кетіп барады. Басшылық тығырықтан шығар жол табар емес. Әрине, Астанада азулы Селтикті сөзсіз тізе бүктіріп, бүкіл қазақ еліне қуаныш сыйлаған команданың дәрменсіз хәлге түсіп, өлінің күйін кешіп жатқаны жүректі ауыртпай қоймайды.
Қайрат-Шахтёр-4:0(1:0)
Голдар: Маркович, 10(1:0). Исаэль, 58(2:0). Исламхан, 81(3:0). Гоу, 85(4:0)
Жетісу-Тараз-1:0(0:0)
Гол: Деспотович, 89(1:0)
Ертіс-Атырау-1:2(0:0)
Голдар: Эссаме, 58(0:1). Сымақов, 67(1:1). Тілешев, 69(1:2, пенальтиден)
Жарыс кестесі
|
|
Команда |
|
|
|
|
|
|
1 |
ҚАЙРАТ |
9 |
5 |
2 |
2 |
20-7 |
17 |
2 |
ОРДАБАСЫ |
9 |
4 |
5 |
0 |
11-5 |
17 |
3 |
АҚТӨБЕ |
9 |
4 |
5 |
0 |
9-3 |
17 |
4 |
АСТАНА |
9 |
4 |
3 |
2 |
14-10 |
15 |
5 |
АТЫРАУ |
9 |
4 |
3 |
2 |
11-10 |
15 |
6 |
ТАРАЗ |
9 |
4 |
1 |
4 |
8-6 |
13 |
7 |
ОҚЖЕТПЕС |
9 |
4 |
0 |
5 |
10-14 |
12 |
8 |
ҚАЙСАР |
9 |
2 |
5 |
2 |
5-6 |
11 |
9 |
ЕРТІС |
9 |
1 |
5 |
3 |
10-13 |
8 |
10 |
ТОБОЛ |
9 |
2 |
2 |
5 |
8-15 |
8 |
11 |
ЖЕТІСУ |
9 |
1 |
3 |
5 |
5-12 |
6 |
12 |
ШАХТЕР |
9 |
1 |
2 |
6 |
7-17 |
5 |
|
ФАРАБИ ӘБДІХАЛЫҚ