Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» үздік сұрмергені командадан кетті

16.12.2021, 00:37
Қызылордалық клуб футболшымен әлі толық есеп айырысқан жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Қайсардың» өткен маусымдағы үздік сұрмергені Каролис Лаукжемис қызылордалық командадан кетті.

Литвалық шабуылшы «қасқырлар» сапына өткен маусым басталмай тұрып, мальталық «Хибернианс» клубынан ауысып келген болатын. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 25 матч өткізіп, 8 гол соқты.

Лаукжемис қазір Литвада жүр және жаңа клуб іздеуде. Бұл ретте «Қайсар» футболшымен әлі толық есеп айырысқан жоқ.

Айта кетейік, қызылордалық клуб өткен маусымды он үшінші орынмен аяқтап, Бірінші лигаға аттанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров