Жарнама
Жарнама

«Қайсарға» Литвадан бапкер келді

27.01.2011, 22:01
Жарнама
Жарнама
Бір жылдық үзілістен кейін премьер-лигадағы үздіктер қатарына қайта қосылған Қызыл­орданың «Қайсары» биыл жоғары көрсеткішке қол жеткізуге тас түйін дайындалып жатыр. Бұрынғы жылдарда да ойын өрнегімен жанкүйер қауымның көңілінен шығып жүрген Сыр бойының клубы үстіміздегі жылы осындай ықыласқа ие болуды жөн санайды. Команда басшылығы алғашқы істі бас бапкер тағайындаудан бастады. Бұдан бұрын «Қайсарға» украин маманы Виктор Камарзаев жетекшілік жасауға келетіні жайлы айтылған еді. Дегенмен аталған маманның Қызылорда жеріне келуге ықыласы болмапты. Енді оның орнына Литвадан 60 жастағы Альги­мантас Любинскас тағайындалды. А.Любинскас аяқдоп жанкүйерлеріне мейлінше таныс. Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын азаматтар оның 70-жыл­дарда Литваның «Жальгирис» команда­сының белді ойыншысының бірі болған­дығын жақсы біледі. Ол 80-жыл­­­дар­дың басынан бапкерлік қызметке бет бұрды. Алдымен Альгимантас аға өзінің «Жаль­гирисінің» ойыншыларын баптады. Одан кейін Бангладеште «Абаха­ма» клубына жетекшілік етті. 1991-1995, 2003-2008 жылдары – Литваның ұлттық, 2002-2003 жылдары олимпиа­далық құ­рамасының тізгінін ұстады.

Марат ӘЛІБЕКОВ, «Қайсар» футбол клубы директорының орынбасары:

– А.Любинскас өз қызметінде жоғары көрсеткіштермен көзге түскен. Литва құ­рамасының қазіргі күндері Еуропа төрінде талай азулы құрамамен терезесі тең ойнап жүргенін білеміз. Ендеше, ол «Қайсарды» да өрге сүйрейді деп ойлаймыз.

Автор: Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров