«Қайықтың түбінде отырып матч көргендей болдым». «Реал» ойынына барған фанат стадионды сынап кетті

09.01.2023, 22:32


"Вилльярреал" мен "Реал" арасындағы ойынды тамашалау үшін "Мадригал" стадионына барған жанкүйер көңілсіз қайтты. Ол матч билетіне бақандай 60 еуро жұмсады.


"Мен бұл ойынды қайық түбінде отырып көргендей болдым", - деп жазады жанкүйер.


"Вильярреал" 27 ұпай Ла Лига кестесінде 6 орында келеді. Ал корольдік клуб болса, 38 ұпайымен 2 орында тұрақтап тұр. 


Жалпы ойын алаң қожайындарының пайдасына 2:0 есебімен шешілді.