Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров "Тобылдағы" келісімшартын созды
Ойыншы қостанайлық ұжым сапын 2021 жылдың жазында толықтырды. Ол алғашқы матчынан бастап өзін жақсы қырынан көрсетті. Бастапқы құрам аяқдопшысына айналды. Бағдат осылай келе-келе ұлттық құрамағада шақырту алды.
"Тобылдың" бапкерлік штабы әмбебап қорғаушыға сенім артады. Қайыровтың клубтағы келісімшарты бір жылға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET