Жарнама
Жарнама

ҚАНЕКЕЙ, КІМ МЫҚТЫ?

05.01.2012, 00:07
Жарнама
Жарнама
Олжас НҰРАЗХАН   ҮЗДІК ОЙЫНШЫ/БАПКЕР-2011. Қаңтардың 9-шы жұлдызында «Алтын доп» иегерлерінің есімдері белгілі болады. Аталмыш сыйлық әлемнің үздік футболшысы мен жер шарының нөмірі бірінші бапкеріне беріледі. «Барселонадан» екі лауреат шығып тұрғанға ұқсайды, олар Лионель Месси мен Хосеп Гвардиола. Біз үш (Месси, Роналдо, Хави и Гвардиола, Моуриньо, Фергюсон) үміткердің де осы сыйлықты ұтуға тиісті және тиісті емес тұстарын талдауды жөн көрдік.   XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНАН БЕРГІ «АЛТЫН ДОП» ИЕГЕРЛЕРІ Жыл Лауреат 2001 Майкл Оуэн («Ливерпуль», Англия) 2002 Роналдо («Реал», Бразилия) 2003 Павел Недвед («Ювентус», Чехия) 2004 Андрей Шевченко («Милан», Украйна) 2005 Роналдиньо («Барселона», Бразилия) 2006 Фабио Каннаваро («Ювентус»/»Реал», Италия) 2007 Кака («Милан», Бразилия) 2008 Криштиану Роналдо (»МЮ», Португалия) 2009 Лионель Месси («Барселона», Аргентина) 2010 Лионель Месси («Барселона», Аргентина)   ҮЗДІКТЕРДІ КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ   Өткен жылдан бері «ФИФА-ның Алтын доп» сыйлығы «Алтын доп France Football» және «ФИФА-ның Гаухар добы» деп өзара екі бәйгеге бөлінеді. Үздікті таңдауда ФИФА-ға кіретін құрамалардың күллі бапкерлері мен капитандары ат салысады. Сонымен қатар белгілі журналистердің де дауыс беру құқы бар. Олар 23 үміткердің арасынан өз көзқарасы бойынша үздік үштікті атау керек. Дауыс беретін адамның жалпы саны 600-ден асады. Үздік бапкерді де таңдайтын солар.   ОЙЫНШЫЛАР  Лионель МЕССИ  24 жаста, «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы ҰТАДЫ. Осы сыйлықты былтырғы жылдың қаңтарында алған Лео артынша бірден үмітті ақтауға кірісті. Оның Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Арсеналға» соққан добы жылдың 10 үздік голдарының қатарына ілінді. Премьерада Месси тек гол соққыш қана емес, көркем пас беру шебері ретінде де танылып келеді, – маусымда 21 нәтижелі пас. Сондай-ақ оның есімі Премьера тарихында қатарынан екі маусым бойы 30-дан аса гол соққан футболшы ретінде жазылды. 2010/11 маусымында Месси УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның үздік футболшысы деп танылды. Биыл Испания Суперкубогтарында гол соғу жөнінен рекорд қойды (8). Лео «Барселонаның» үздік мерегендерінің қатарында екінші орынға шықты (209). Мессинің жетістіктерін Мадридтік клубты насихаттайтын «Marca» атты газет те мойындап, оны биылғы Премьераның үздік ойыншысы деп атады. ҰТПАЙДЫ. Былтырғы әлем біріншілігінде Леоның бағы жанбады. Биылғы жазда да тарих қайталанды. Аргентина Америка Кубогын өз үйінде қабылдап фаворит саналса да плей-оффтың алғашқы кезеңінде-ақ «ұшып» кетті. Оның командадағы ойыны мен құрамадағы өнері мүлдем екі бөлек нәрсе секілді. Месси, әзірше, ұлттық құрамасында жұлдыздай жарқылдай алмай жүр. Осы тұстар оған сәл көлеңке түсіріп тұр. АЙТПАҚШЫ Егер де Месси «Алтын допты» қатарынан үшінші жыл алып жатқан жайы болса, ол Мишель Платининің 1983–1985 жылдардағы жетістігін қайталайды.   Криштиану РОНАЛДО  26 жаста, «Реал» мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы ҰТАДЫ. Командасы маңызды еш нәрсеге қол жеткізе алмай жүрсе де, ол жеке рокордтарын бірінен-бірі биіктетіп жүр. Өткен чемпионаттың соңында ол 6-шы хет-трик жасап, Премьера рекордын қойды. Ал соңғы турда 40-шы голын соқты. Бір маусымда! Испанияда мұндай ешкімнің қолынан келмеген. CR7 «Лионмен» болған матчта жүзінші голын соқты. 100 голды ол 105 ойында төмпештеп тастаған. Роналду 2011 жылы 52 ресми ойында 53 гол соққан. Сұмдық статистика! Биылғы жылғы одан өзге ерліктерін айта кетейік. Португалияның Евро-2012-ге жолдама алуы үшін Криштиану ерен еңбек етті. Ұлттық құрам сапында ол 32 гол ұрып тастаған. Одан тек Паулета (47 гол) мен Эйсебио (41) ғана асып тұр. ҰТПАЙДЫ. Классико болмағанда, биылғы жыл оның ең жемісті жылы болушы еді. Өкінішке орай, «Алтын бала» «Барселонаға» қарсы ойындарда доптың маңына жолай алмайды. Чемпиондар лигасының жартылай финалында Роналду Вальдес қақпасына бірде-бір соққы жасаған жоқ. Бұл да оның карьерасындағы өзіндік бір рекорды…   ХАВИ 31 жаста, «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы ҰТАДЫ. 2010 жылы әлем чемпионы атанып, Испанияның жеңісті жолында сүбелі еңбегі бар Хавидің былтырғы жылы «Алтын доптан» шет қалып, тіпті үшінші атануы талай жанкүйерді таң қалдырды. Наразылар олқылықтың орынын толтырып, сүйікті ойыншысына «Алтын допты» әперуді талап етуде. Былайша айтқанда, өткен жетістіктері үшін. 2011-де Хави «Барселонамен» жарты әлемді шарлап Лондоннан бастап Йокогама стадионына дейін көрді. Екі Классико мен Жапониядағы финалда қос-қос голдан соғып ерекше көзге түсті. Еуро-2012-ге жолдама қалтада, ұлттық құрамада абыройы асқақтап тұр, бір сөзбен «жағдайы жақсы». Бапкер Сеск, Сильва һәм Матаны орындықта қалтыруы мүмкін. Бірақ Хавинің орны әрқашан алаңда. ҰТПАЙДЫ. Үнемі гол соғатын ойыншылар дәйім жюри назарында жүреді, әрине. Хавидің жеке сыйлық алуына оның Пеле мен Марадонаның баламасына айналып бара жатқан командаласы кедергі болып тұр. Иньеста мен Фабрегастар тізімге ілінбей жатқанда, Хавидікі қайта ерлік.   БАПКЕРЛЕР Хосеп ГВАРДИОЛА 40 жаста, Испания «Барселонаның» бас бапкері ҰТАДЫ. Пептің олжаларын тізімдейтін болсам біраз уақытым кететін секілді, сондықтан оның өзге қырлары мен оған қатысты ститистикалық мәліметтерді келтіре кетейін. Ақпан айында Гвардиола «Барселона» басында 100 ойынын өткізді. Оның жетпіс тоғызын жеңіспен аяқтаған. Бапкерлердің пірі Йохан Кройф та мұндай статистикасымен мақтана алмайды. Хосеп басшылығын Фабрегас пен Санчесті сатып алуға айландырып, ақыры оларды ойынға сәтті қосты. Дауыс жинауды мұның бәрі рөл ойнайды. ҰТПАЙДЫ. «Мұндай құраммен кез келген бапкер жеңістерге кенелер еді» дегенді Пептің өзі де жиі айтып қалатыны бар. Әзірше оның болашақ командасы жайлы толық ештеңе шешілген жоқ. Бірақ, Гвардиола Италиандық клубтарды да жатырқамайтынын білдірді. Биылғы жылы талай бапкерлер мен ойыншылар оған күйе жағуға тырысты. Яя Туре, Кркич пен өкпелі Ибрагимовичтер онымен сөзге келісе алмай кетті.   Жозе МОУРИНЬО 48 жаста, Португалия «Реалдың» бас бапкері ҰТАДЫ. «Барсаға» кей-кейде қарсы тұрып бере алатын әлемде жалғыз-ақ команда бар. Ол – «Реал» Мауринью. Бұл Маурдың төртінші чемпионаттағы (Португалия, Англия, Италия) жұлдызды командасы. Бапкер 2002/03-тен бері жүлделерден құр қалмай келеді. Бұл жылы ол жеке рекордын жаңартты. Қатарынан 14 жеңіс. Мауриньюның басқалар алдында ұтатын жері – алуан тәжірибесі. Ойыншылармен болсын, басшылықтармен болсын. Мауриньюның артынан сөйлеп жамандайтындар тек оның жаулары. Ал бірге жұмыс істейтіндер тек оның жақсы қырларын біледі. ҰТПАЙДЫ. Мауринью биыл Король кубогынан өзге маңызды ештеңе ұта алмады. «Барселонамен» еурокубогтық бәсекенің жартылай финалындағы сәтсіз ойыннан кейін ол ашуға булығып жеңілісін төрешілерден көрген. «Классико» тақырыбын қозғасақ, Тито Вилановеге жасаған теріс әрекетін еске алуға болады. Маур Гвардиола ассистентінің көзін саусақпен шұқып алған болатын. Осындай теріс қылығымен ол ел алдында беделін түсіріп алған-ды.   Алекс ФЕРГЮСОН 69 жаста, Шотландия «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері ҰТАДЫ. Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) бапкерліктің қара қазанында 37 жыл қайнап жүрген Сэр Алексті соңғы 15 жылдағы ең үздік бапкері деп таныды. «МЮ-дан» Скоулз пен Ван дер Сар кеткенде талай жанкүйер «олардың орнына лайықты ойыншы табыла қояр ма?» деген сұрақпен басын қатырған-ды. Жалғыз Ферги аспай-саспай Де Хеа, Джонс, Клеверли мен Уэлбектерді жүйеге баяу енгізіп ұрпақ алмасу процесін айтарлықтай ауыртпалықсыз өткізді. ҰТПАЙДЫ. Фергюсонның соңғы сәтсіздіктерінің біріне Уемблидегі жеңілісті жатқызуға болады. (1:3 «Барселонадан» ЧЛ финалы) Биылғы жылы топтық кезеңнен өте алмауы да оған ұпай қоспайды. Кез келеген «МЮ» жанкүйері дербидегі 1:6-ны еске алса бұрыла қалып жүрегін ұстай жылайтын шығар. Алекс мырза соңғы кезде төрешілермен ұрсысу дегенді шығарып алыпты. «Ливерпуль», «Челси», «Арсеналмен» болған ойындардан кейін қазыларға деген наразылығын ашық айтқан болатын. Шалдың жүйкесі жұқарайын деген бе?
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров