Жарнама
Жарнама

Қақпашы барлық қарсыласын алдағысы келді (видео)

24.09.2014, 18:21
Жарнама
Жарнама
Қақпашы барлық қарсыласын алдағысы келді (сурет, видео)Қытайдың "Бэйцзин Гоань" командасының қақпашысы Ян Чжи "Атың шықпаса, жер өрте" дегенді әрдайым есінді мықтап ұстап жүрген тәрізді. Ол кезекті ойынның бірінде өзінің ерекше әрекетімен жанкүйерді таңғалдырды.
Бұл "Бэйцзин Гоань" командасының "Тяньцзинь Тэда" командасымен кездесуі еді. "Тяньцзинь Тэда" Ян Чжидің қорғаған қақпасына шабуыл жасады. Осы сәтте допты өзінің қолына алған ол алаңның орта тұсының бос қалғанын байқады. Қолындағы допты жерге түсіріп алды да, оны теуіп ала жөнелді. Бұны түсінбей қалған қарсыластар Ян Чжиге ешқандай кедергі жасаған жоқ. Дегенмен, ол алаңның ортасынан әріге бара алған жоқ. "Тяньцзинь Тэда" ойыншысы оның өздерінің қақпасына дейін баруға бөгет болды. Соның салдарынан қақпасы ашық қалған "Бэйцзин Гоань"  өздеріне гол жіберіп ала жаздады.
Енді аз-кем Ян Чжи жайлы айта кетелік. Ол 1983 жылы 15 қаңтарда Гуанчжоу қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшылық өмірін Қытайдың екінші лигасындағы «Гуандун Сюнъин» командасында бастады. Онда 2002-2004 жылдарда ойын көрсетті. Ал 2004 жылдан бері қазіргі "Бэйцзин Гоань" командасының жейдесін киіп келеді. Қытай құрамасының сапында 2006 жылдан бері 32 ойын көрсеткен. Оның өз клубындағы нөмірі – 22.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
"Ақтөбе" финалда