Клуб
Касильяс өзінің спорттық ғұмырын тек «Реал Мадридке» арнаған. Ол мадридтік командаға 8 – жасында келіп қазіргі таңға дейін «корльдік клубтың» намысын қоғап келеді. 1999/2000 жылғы өзінің испан примерасындағы алғашқы маусымында өзін жарқын жағынан көрсете алды. Ол жарақат алған Бодо Иллгнерді алмастырып, мадриддіктерді УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында жеңіске жетуіне көмектесті. Содан кейін Касильяс бабынан айырылып, негізгі құрам орнын Сезарға беріп қоюға мәжбүр болды. Біраз уақыт өткеннен соң Икер бабына қайта оралып, негізгі құрам орнын алды. 2001/02 жылғы «Байермен» өткен УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында қарт қақпашыны алмастырып, өз қақпасын бірнеше рет төнген қауіпті соққылардын бетін қайтарып мадридтік команданың жеңісіне тағы да өз үлесін қосқан. Испандық футболшы 2002/03 жылғы маусымда да мадридтіктердің бірінші қақпашысы болды. Ол чемпиондар лигасында 15 – матч, испан премерасында 38 - матч өткізіп, ішкі біріншіліктің чемпионы атанды. 2003/04 жылғы маусымда тек бір ойында ғана алаңға шыға алмағаны болмаса, қалған барлық ойындарда командасына қолынан келгенінше көмектесті. Бірақ сол жылы «корльдік клуб» Испан кубігіннің финалында жеңіліс тауып, сонымен қатар чемпиондық атақтарын да сақтай алмады.Ұлттық құрама
Ұлттық құрама үшін тұсау кесер ойынын Касильяс шведтіктерге қарсы өткізді. Содан кейін испан құрамасымен «EURO – 2000-ге» аттанады. Бірақ, ол турнирде Икер алаңға бірде – бір рет шықпады. Екі жыл өткеннен кейін Жапония мен Кореяда өткен әлем біріншілігінде Касильяс Парагваймен өткен ойында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық турнирлерінде алаңға шығады. Осы ойыннан кейін құраманың негізгі қақпашысы атанып, Ирландия құрамасымен өткен ойында, матчтың қаһарманы атанады (испандықтар матч соңындағы пенальтиден жеңеді). Касльяс "EURO – 2004" турнирінде де испандықтардың негізгі қақпашысы болды. Бірақ, испан жанкүйерлерінің өкінішіне орай, олардың сүйікті құрамасы бұл жолғы турнирдің топтық кезеңінен аса алмады. 2008-жылғы Еуропа чемпионатында Икер команданың капитаны болып, сол турнирдегі барлық ойынға қатысқан (тек гректермен өткен ешқандай мағына ие болмаған матчқа ғана қатыспаған). 2010 жылы өткен әлем біріншілігінде де өз құрамасының капитаны болып, әлем чемпионы атанған.Әзірлеген Уалихан ҚОСАНБАЙ
Біздің серіктес: FONBET