Жарнама
Жарнама

"Қара бала" қайта оралды

02.01.2012, 04:41
Жарнама
Жарнама

"Тараз" футбол клубы 2012-жылы жоғары мақсаттарды шешіәп, жанкүйер қуанышына айналамыз деп отыр. Дәл осындай батыл қадамдарға бару үшін клуб басшылығы сербиялық маманмен келісім-шартқа қол қойып та үлгерді. Кезінде Чемпиондар лигасын бапкер болып жеңген Любко Петрович өз отанында танымал тұлғалардың бірі.

Бұрын-соңды Тараз футболының тарихында алыс-шет елден бапкер келіп, жергілікті футболшыларды жаттықтырып көрмеген еді. Ел футболы Еуропаға кіргелі бері шетелдік мамандар қаптағанымен, "Тараз" тізгінін өз еліміздің, тіпті, Жамбыл облысының өз тумалары ғана жаттықтырып келген болатын. Өйткені, Жамбыл футболы ел футболындағы таланттар мекені болып келетін. Бапкерлер де жеткілікті еді. Жамбылдан шыққан Талғаев, Огай, Масудов секілді бапкерлерді атап өтсек те жететін шығар. Енді міне, Тараз топырағына серб азаматы келіп отыр.

Соңғы жылдардың көлемінде "Таразда" ағайынды Евстигнеевтер секілді талантты ойынщшылар пайда болған еді. Үлкен, Виталийі "Ордабасы" сапына ауысып жақсы қырынан көріне бастаған болатын. Ұлттық құрама сапына да ілігіп жүр. Әзірбайжанға соққан голын барша ел көрді. Енді келе жатқан жаңа маусымда Қазақстан кубогының иегері Виталий Евстигнеев інісімен бірге "Ақтөбе" сапында өткізсем деп жүр. Биылдан бастап құрамын толыққанды өзгертіп жатқан Владимир Мұқанов енді осы жігіттердің көмегіне сүйеніп көрмек. Әрине, ағайынды Евстигнеевтер "Тараз" үшін керек ойыншылар еді.

Бауыржан Байтана - туған жерге оралды. Өткен маусымды "Атырауда" өткізген жартылайқорғаушы осы маусымда "Таразбен" биік мақсаттарды орындауға тырысамын дейді.

"Тараз" жанкүйерлерінің жүрегінде қалған қара маржан Тити Эссомба қайтадан командаға оралып отыр.  Ел біріншілігіндегі қорғаушылардың қаһарына баланған "қара бала" командаға алынатын 7 легионердің бірі болуды көздейді.

"Атырау" сапында өнер көрсеткен Руслан Сахалбаев та "Таразда" байқауда жүр. Жылдам, шапшаң қимылдайтын жартылайқорғаушы керемет пас бере алатын қасиеттерімен танылған. Бірақ, соңғы кездері бағы ашылмай жүрген еді. Мүмкін, "Тараз" сапына келіп бағын ашқан талай аяқдопшылардың әңгімесіне қанық та болған шығар. Мысалға, келтірер болсақ ондай аяқдопшылар жетіп артылады. Футболдағы шабыттары тоқырап, бір орында тұралап қалған ойыншылар "Таразға" келіп қайтадан түлеп шыға келетін еді ғой.

Команда сапына Петровичпен бірге тағы да көмекші жаттықтырушылар келді. Атап өтер болсақ, енді бұдан былай командадағы қақпашыларды жаттықтыру үшін Мирослав Радованович тер төгетін болады. Милорад Митрович болса ойыншылардың физикалық дайындықтарына көңіл бөлетін болады.

8-қаңтар күні "Тараз" алғашқы оқу-жаттығу жиындарына шығады. Түркияны бетке алған ұжым 99 жаттығу өткіеді екен. Сондай-ақ, 9 жолдастық кездесу өткізу ойда бар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров