Қара маржан – Килиан

15.01.2019, 06:18
  1. Футбол
Болашақ мамандығындағы алғашқы қадамды «Пари Сен-Жермен» клубының 20 жасар шабуылшысы екі жарым жасқа толған сәттен бастап жасаған болатын. Ата-анасының естеліктеріне сәйкес, Мбаппе қарсыластарға қарсы ең алғашқы голын  бес жасында салған.
  1. Пір
Мансабының басында Мбаппені «жаңа Тьерри Анри» деп атап жүрді. 16 жасында ол «Монако» клубында ойнап, тарихтағы ең жас кәсіби ойыншы атанды. Алайда, француздың кумирі әрқашан Зинедин Зидан болған. Зиданмен суретке түскен бала Мбаппе ұзақ уақыт бойы сол суретті алға жетелейтін ынталандырушы естелік ретінде сақтап жүрген. Бір сұқбатында Килиан көптеген жылдар бойы барлық шаштараздардан: «Менің шашымды Зизудыкіндей қылып қырқыңдар», - деп сұрағанын мойындады. Басқаша айтқанда, ол өз шашының мүлде болмағанын қалаған.
  1. Ақша
18 жастағы французды «Монако» клубынан сатып алу үшін «Пари Сен-Жермен» 180 миллион еуро төледі. Ұлттық құрамадағы әр ойынның ақшасын (бір ойын 20 мың еуроға жуық) ол автоматты түрде «Primers de Cordées» қайырымдылық қорына жібереді.
  1. Гардероб
Мбаппені әлемдегі ең сәнді аяқдопшылардың тізімінен байқап жүруге болады. Жастығына қарамастан, спорттық киімдерден басқа, француз аяқдопшысы «Hugo Boss-тың» минималисттік костюмдерінде және әскери стильдегі киімдерінде жиі көрінеді.
  1. Жеке өмір
Килиан Мбаппе – қыздарды қызықтыратын спортшылардың бірі. Ұзақ уақыт бойы Грейс Келлидің немересі Камилла Готлибпен бірге жүрген деген қауесет сөздер тараған болатын. Дегенмен, аяқдопшының жүрегі қазіргі уақытта бос сынды.
  1. Ең басты арманы
Мбаппе – әлем футболындағы көрнекті ойыншылардың бірі. Оның айтуынша: «Мен - өте өршіл адаммын. Чемпиондар Лигасындағы жеңіс - мен үшін «Алтын допқа» қарағанда әлдеқайда қымбаттырақ. Спорт әлемінен тыс өмірде Килиан үшін ең бастысы - оның жанұясы: ата-анасы (анасы Алжирден, ал әкесі камерундық) және оның «PlayStation» ойындарында үнемі «шайқасатын» ағасы.

Ырысты Қадірбек