Жарнама
Жарнама

Қарағандылық футболшылар Польшаның «Гурник» командасын 1:0 есебімен ұтты

09.02.2012, 22:25
Жарнама
Жарнама
  Кеше Түркияда Қарағандының «Шахтері» Забже қаласының «Гурник» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Онда Қазақстан Премьер лигасының 2011 жылғы чемпионы Польшаның экстра-класында өнер көрсететін қарсыласын 1:0 есебімен ұтты. Қарағандылықтар өз тарихында чемпиондық атаққа былтыр тұңғыш рет қол жеткізіп, оған дейін 3 рет қола жүлдегер, 2 рет Қазақстан кубогының финалисі болған еді. Забжеліктер болса Польша чемпионатында 14 дүркін топ жарып, 4 рет күміс, 6 рет қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ 6 рет кубок иегері атанып, 7 рет финалист болған және 1 рет Польша лигасы кубогын иеленіп, 1 рет Суперкубокты жеңіп алып,  бір рет финалист және бір мәрте  Кубок иегерлері кубогының финалисі болды. Виктор Кумыков жаттықтыратын  "Шахтер" 7-ақпанда Ташкенттің "Бунёдкор" командасымен болған алғашқы кездесуде 1.1 есебімен тең түскен еді. Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстан чемпиондары кеше негізгі құраммен қайта күш сынасатындарын мәлімдеген еді. Алайда бұл ойын 10-ақпанға шегеріліпті. Миржалол Касымов жаттықтыратын ташкенттіктер 2008 жылғы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисі,  Өзбекстан чемпионатының 4 дүркін чемпионы және  1 мәрте күміс жүлдегер атанып, 2 дүркін ел кубогын иеленіп, 2 рет  финалист атанған команда. http://www.inform.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров