Жарнама
Жарнама

Қарсыластарымыздың қайсысы қарымды?

22.06.2011, 19:01
Жарнама
Жарнама
Кезекті еуромаусым басталды. Барлық командамыздың да қарсыластары анықталды. Бірақ, шыны керек, көпшілігі қарсыластарымыздың атын ғана білгенімен, олардың қандай команда екенінен, әлеуетінен хабарсыз. «Тобылдың» қарсыласы Алдымен жеребе қазақстандық клубтардан ел чемпионы «Тобылдың» қарсыласын анықтап берді. Чемпиондар лигасының екінші кезеңінен бастап додаға қосылуға мүмкіндік алған қостанайлықтардың қарсыласы – Словакияның «Слован» клубы. Бұл командалар енді келесі айдың 12-сі немесе 13-і күні Братиславада өтсе, қарымта кездесу шілденің 19-ы не 20-сы күні Қостанайда өтеді. Қазақстан секілді Словакия да Чемпиондар лигасына бір командасын қосуға құқылы. Бұл мәртебені биыл ел чемпионы Братиславаның «Слованы» жеңіп алды.1919 жылы құрылған бұл клуб өз тарихында 18 рет ел біріншілігін жеңіп алған екен. Дегенмен Чехословакия екіге бөлінгеннен кейінгі кезден бастап, яғни 1993 жылдан бері санасақ, алты мәрте ел чемпионы атанғанын көруге болады. ІІFНS рейтингінде 191-орында тұр. Негізгі стадионы 30 мыңнан астам көрерменді сыйдыра алатын «Тегельно поле» бүгінде қайта құрылымдау жұмыстарына өткізілгендіктен, «Слован» қарсыластарын 13 мыңдық «Пасиенки» стадионында қабылдап жүр. Иә, «Слован» осал қарсылас емес. Дегенмен жеңуге де болады. Чемпиондар лигасында жеткен жоғарғы жетістігі: өткен жылы іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне шыққан болатын. «Шахтердің» қарсыласы Қарағандылықтардың қарсыласы – Словенияның қола жүлдегері «Копер» футбол клубы. Мамыр айының соңында аяқталған ел біріншілігінде бұл клуб 60 ұпай жинап, ел чемпионы атанған «Марибордан» 15 ұпайға қалып қойыпты. 2010 жылы ел біріншілігінің жеңімпазы атанып, Словения чемпионы атанған бес команданың қатарына кірген. Бірақ Чемпиондар лигасының екінші іріктеу турнирінде-ақ жеңіліске ұшыраған. Жалпы, команда көпшілікке беймәлім болғанымен, құрылғанына 56 жыл болды. Бірақ стадионының сыйымдылығы аз. Бар болғаны 4500 көрермен тамашалай алатындай ғана. Енді «Шахтер» – «Копер» текетіресінің алғашқы ойыны 30 маусымда Словенияда өтсе, жауапты кездесу 7 шілдеде Қарағандыда өтпек. «Ертістің» қарсыласы «Ягеллония» да Қазақстан футбол сүйер қауымы үшін таңсық клубтардың бірі болып саналады. Негізі, Польша үшін ел біріншілігінде 2 және 3-орындарды иемденген клубтарына және ел кубогы иегеріне Европа лигасына қатысуға рұқсат етілген. Ал «Ягеллония» – чемпионатта төртінші орын иемденген ұжым. Дегенмен ел кубогының иегері ретінде үшінші орындағы «Легия» Европа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бір-ақ додаға түсетін болғандықтан, бұлардың орнын бірінші іріктеу кезеңінде «Ягеллония» баспақ. Мұнда да бірінші ойын 30 маусымда түзде өтіп, жауапты кездесу 7 шілдеде өз жерімізде өтеді. Дегенмен қай стадион екені әлі белгісіз. Өйткені Керекудің Орталық стадионы әлі УЕФА талабынан өткен жоқ. Жақында бұл стадионға УЕФА өкілдері келіп, тексеріс жүргізіп кеткен. Нәтижесі жақын күндері белгілі болады. «Ақтөбенің» қарсыласы Еуропа лигасының екінші іріктеу турнирінен бастап додаға түсетін «Ақтөбеге» Венгрияның «Кечкемет» клубы тап болды. Шынын айтсақ, бұл ұжымды соншалықты азулы команда дей алмаймыз. Биыл Венгрия біріншілігінде 36 ұпай жинап, 16 команданың ішінде бар болғаны 12-орынға ие болған. Чемпионатта 51 гол соғып, қақпаларына 56 доп жіберіп алыпты. Дегенмен ел кубогының иегері екенін де ұмытпаған жөн. Клуб 1911 жылы құрылғанымен, ғұмырының басым бөлігін төменгі дивизиондарға арнапты. Алдымен Венгрияның үшінші дивизионында өнер көрсеткен. Кейін екінші дивизионға көтеріліп, 2008 жылы жоғарғы дивизионға жолдама алған. Өз алаңындағы ойындарын «Сектои» аталатын 6,3 мыңдық стадионда өткізіп жүр. Юсуп Шадиев, белгілі футбол ардагері: – Бұл кезеңде қарсыластардың қандай екенін айта алмайсың. Бәрінің деңгейі бір сияқты көрінеді. Дегенмен қарсыластарымызды жеңуге болады. Алып бара жатқан еш нәрселері жоқ. Ал «Ақтөбеге» жақсы қақпашы мен шабуылшы қажет болады-ау. Автор: Әзиз Жұмаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров