Жарнама
Жарнама

Қазақ баласы «Челсиде» доп тебуі мүмкін

20.07.2011, 17:52
Жарнама
Жарнама

Жақын болашақта қазақ футболшысын Англияның «Челсиінен» көріп қалуымыз ғажап емес. Олай дейтініміз, Алматының «Қайратында» өнер көрсететін 21 жастағы Қанат Болатов «аристократтардың» бас бапкері Андре Виллаш-Боашты таңғалдыру үшін «Тұманды Альбионға» аттанды. Қанат Болатов негізінен Алматының тумасы болғанымен, алматылық клубта өзіндік ізін қалдырып үлгермеген. Биылғы маусымның алғашқы бөлігін Өскеменнің «Востогында» өткізіпті. Тіпті бір гол соғып та үлгерген. Бойы – 170 сантиметр, сал мағы тұп-тура 70 келі болатын бұл жігіт өскемендік клубтың дублінде негізгі ойыншылардың бірі болған. Сөйтіп, маусымның екінші жартысында «Қайрат» өзінің түлегін қайта клубқа алдыртыпты. Дегенмен Болатов «Қайраттың» негізгі, тіпті қосалқы құрамында да ресми ойынын өткізіп үлгермей, Лондонға жол тартып кетті. Ол жақта енді тамыздың 16-сына дейін Фрэнк Лэмпард, Джон Терри, Дидье Дрогба секілді ала доптың алпауыттарымен бірге жаттығатын қазақ жігіті Виллаш-Боаштың көңілінен шығуға тырысады. Асқат Жақаев, «Қайрат» футбол клубының пресс-атташесі: – Бірінші айналымда Қанат «Восток» сапында өте жақсы өнер көрсетті. Содан оны қайтадан «Қайрат» сапына шақыру мәселесі қаралып, Алматыға алдыртты. Алаңдағы орны – жартылай қорғаушы. Ал «Челсиде» сынақтан өту бастамасын ата-анасы қолға алып отыр. «Челсиде» Қанат тікелей Виллаш-Боаштың қадағалауында болады. Жерлесіміздің «аристократтар» сапына алынуына тілектеспіз. Автор: Арсен Жанаділ, «Алаш айнасы»

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров