Жарнама
Жарнама

Қазақ баласы Португалияда доп тебеді

31.01.2014, 06:35
Жарнама
Жарнама
Ержет Ерзатұлы Алтайдың арғы бетіндегі ағайындарымыздың арасынан шыққан аладоптың жілігін шағып, майын алған жас талант. Бұдан бұрын оның Қытай жастар құрамасына қабылданғаны жайлы ақпаратпен таныс болғамыз. Миллардтарға мықтылығын танытып жүрген бауырымыздан бүгін тағы бір сүйінші хабар алдық. Ол енді Криштианудың елінде доп тебеді. Ержет 29 қаңтар Португалияның үшінші лигасында ойнайтын «Gondomar s.c» командасымен жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды. Ол Еуропа аттаған тұңғыш Шынжаңдық футболшы атанып отыр. Португалдық ұжымның қақпасын күзетуді міндетіне алған бауырымыз алдағы уақытта өзін жақсы қырынан таныта алса, Еуропа алаңдарына жол ашылуы әбден мүмкін. Ержет 1993 жылы шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туылған. Қытайдың жастар құрамасына қабылданған тұңғыш Қазақ футболшы. 2009 жылы Астанада өткен президент кубгында Қытай жастар құрамасы атынан қатысып жақсы қырынан танылған. Қытай премер лигасындағы бір қатар командалардың жасаған ұсыныстарына қарамай Португалияның төменгі лига командасын талдауының себебін ол, Еуропада доп тебу бұрынна бергі арманым. Сол үшін мұхит асып барамын- деп түсіндіреді. Ержет Ерзат Туылған уақыты: 1993 жылы 4 қаңтар. Бойы: 1.85 метр Салмағы : 70 KG Орыны: қақпашы  
«Gondomar s.c» командасы 1921 жылы құрлыған. Порту үлкен районыдағы Gondomar қаласына орналасқан. Әсілі Португалия А дәрежелі лигасының қатсушысы болатын. келісілген жарыс ойнағаны себепті төмен лигаға жөнелтілген. Қуанышхан ӨМІРХАН  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров