Әлемдегі миллиондаған спорт жанкүйерлері тамашалайтын, бүгінгі күні әлемдегі №1 спорт түрі бұл – футбол. Қазіргі таңда футбол спорт түрі ғана болып қоймай, сонымен қатар бизнес түріне айналып отыр. Әлемнің ең мықты деген ойыншылары Еуропаның азулы жане бай командаларының ұсынған миллиондаға долларлар мен евроға жалданып, даңқтарын арттырып, қалталарын кеңейтіп жүр. Ал біздің футбол ше???
Қазақстанның қай командасын қарасаныз да, өзміздің қара домалақ қазақтың баласынан горі өзге ұлт окілдерін коптеп кездестіретініміз айдан анық. Бұл ойыншылардың көпшілігі алыс-жақын шет елдерден, басым копшілігі Ресейден, Өзбекстаннан, Сербиядан ақшаға жалданып келіп жатыр. Бұл ойыншылар ақшаға жалданып келіп жатқан соң, өз командаларына бар ынта-шынтасымен ойнамайтыны қазақ футболының жанкүйеріне сөзсіз белгілі.
Статистикаға сүйенер болсақ, Кәрі құрлық елдерінде, атап айтар болсақ Ұлбританияда, Италияда, Испанияда, Франция және Германия мемлекеттерінде футболмен ел тұрғындарының 10% айналысса, бізбен көршілес тұрған Ресей федерациясында аяқдоппен ел тұрғындарының 1% айналысады екен. Орыс көршілеріміз осы көрсеткішті EURO – 2012 дейін 3%-ға өсіреміз деген жоспармен қарқынды жұмыс істеу үстінде. Ал Қазақстанда ел тұрғындарының қанша пайызы футболмен айналысып жатқаны туралы статистика мүлде жоқ. Сонымен қатар, біздің футболымыз қандай жоспармен дамып келе жатқаны көпшілік жанкүйерге әлі күнге белгісіз болып келеді.
Қазақстан футболының Азия футбол қауымдастығынан (АFК), Еуропа футбол ассоциациясының одағына (UEFA) өткеніне алты жылдан асып барады. Осы уақыттың ішінде Қазақстан футбол құрамасы Әлем Чемпионатының да Еуропа Чемпионатының іріктеу сындары қатысып жүр. Бұл іріктеу сындарында біздің құраманың ойыншыларының жеңістерінен гөрі ащы жеңілістеріміз екі есе көп болды. Тіпті, соңғы Еуропа Чемпионатының іріктеу сыныныда көңіл қоншығарлықтай бастаға жоқ. Тек Түркия құрамсымен өткен ойында ғана бірінші таймда гол кіргізгені болмаса қалған матчтарда бірінші таймды сауатты ойнады. Ал бірақ, екінші тайм бастала салысымен біздің құрама өз қақпалары гол бірінен кейін бірін жаудыра берді. Осы орайда қазақ футболы қашан сол Еуропалықтармен терезесі тең ойын өрнегін көрсетеді деген сауал баршамызды мазалайтыны анық!
Мамандардың қазақ футболы Еуропа футболынан жарты ғасыр артта келеді, оның үстіне шірене доп тебу үшін Қазақстанның футбол алаңдарының нашарлығы, яғни Еуропаның стандартына сай келмейтінін сөз етеді. Ия шынында да бізде үлкен алаңда доп тебу былай тұрсын жасөспірім жігіттер доп ойнайтын жасанды алаңдар кемде-кем. Осы кезде айта кететін бір жәйт Батыс Еуропа елдерінде жылына 150-ден аса жасанды алаңдар салынса, бізде жылына 10 жасанды алаң да салынбайды екен.
Бірақ бұнымен біздің елде футбол таланттары мұлдем жоқ деуге болмайды. Аа доптың қыр-сырын меңгеретін Т.Нөсербаев, Ж.Көкеев, М.Шахметов, Е.Кенбаев сынды жас талантты ойыншыларымыз бар. Дегенмен, олардың көбісінің жұлдызы жанбай жатып сөніп қалып жатыр. Осы орайда жанкүйерлер бапкерлердің біліксіздігін айтады. Бапкерлердің тәжірибесін жетілдіру үшін Германиядан, Голландиядан, Ресейден бапкерлерді де пәленбай ақшаға шақыртып жатырмыз. Қазақ футболының осы кісілердің арқасында өмір сүріп жатқан түрі әзірше, осылай