йер. Бар екен бізде де. Бар болса стадиондарымыз неге бос? Болмысы баяғыдан анықталып қойған бір жауап бар. «Жоғын іздеген футбол". Жетімнің күйі.
Жанкүйер...жанкүйер...жанкүйер. Бар екен бізде де. Бар болса стадиондарымыз неге бос? Болмысы баяғыдан анықталып қойған бір жауап бар. «Жоғын іздеген футбол. Жетімнің күйі. Жарымаған ойын. Айқай сүрең...». Бес жасар баланың өзі солай дейді. Кірпиязын айтсаңшы. Бұдан соң дәнеңе деп көр.
Түнеукүнгі ойынды стадиондағы 80 мың жанкүйерді қоспағанда, көгілдір экранның аржағындағы 6 млн. адам тамашалапты. Кө-ө-өп, өте көп. Алақандай алаңдағы айқасты аңдыған миллион көздердің алдында ойқастап, орағыштап доп теккен неткен бақыт. Футболды өнер деп бағалағандықтың белгісі.
Көпке топырақ шашқанымыз емес, бірақ, жанкүйері тікелей эфирді ермек қылуы былай тұрсын, алаңға баруға ерінетін біздің футбол біріншілігінде жағдай былай. Өткен турда: «Атырау» мен «Астанаға» – 2,500, «Шахтер» мен «Ордабасыға» – 3000, «Тобыл» мен «Қайсарға» – 3000, «Оқжетпес» пен «Сұңқардың» арасындағы ойынға – 1400 жанкүйер жиналды. Баяғы жартас, сол жартас. Әзіл ме, шындық па? Кім үшін, не үшін ойнайды? Мың сауал. Футболымыз жауыр. Жанкүйеріміздің санасында Еуропа футболының елесі...
Теледидарды қосты. Уақсыз уақытта, шіліңгір ыстықта доп теуір жүрген кімдер болды екен? А, біздің футбол ма?! Қолын бір сілтеген...
Думан БЫҚАЙ
Біздің серіктес: FONBET