Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірлік футбол үшін маңызды жаңалықты растады, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Bes.media мәліметіне сүйенсек Асқар Шахаровтың айтуынша, Qazaq Stroy құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев "Ақтөбе” футбол клубының жаңа инвесторы болуға ниет білдірген.
Әкімнің сөзінше, клубқа инвестор тарту жұмыстары соңғы кезеңге жақындап қалған.
"Бизнесмен клубқа қызығушылық танытты, бір-екі айдың ішінде бұл жұмыс толық аяқталады деп ойлаймын." – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Асхат Шахаров Qazaq Stroy басшысы өзінің Ақтөбеден шыққанын, бала кезінен "Ақтөбе” клубының жанкүйері болғанын, ата-анасымен бірге стадионға барып өскенін
жасырмай айтқан.
Сонымен қатар, Артықбаев Президенттің тапсырмасын орындауға дайын екенін жеткізген. Бұл сөздер клубты дамытуға ниетті, футболды жан-тәнімен жақсы көретін жергілікті меценаттың келетінін аңғартады.
Біздің серіктес: FONBET