Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы команда болып ораза тұтқан Сирия ойыншыларын қабылдап, жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Тайм арасындағы үзілісте ғана ауыз ашу мүмкіндігіне ие болған сириялықтардың аздап әлсіреңкіреп жүргені анық байқалып тұрды. Бірақ жыл он екі ай ораза ұстайтындай көрінетін біздің жігіттер бәрібір жеңіске жете алмады. Әрине, «жолдастық кездесуде тұрған не бар» дейтіндер табылар, бірақ осы ойынды асыға күткен қазақ жанкүйерінің тілегі тек жеңіс еді...(Айқын газеті) Енді ұлттық құраманың белді ойыншылары кездесу жайлы не дер екен?!. Төмендегі сұхбатқа назар аударыңыздар:
Сириямен өткен ойында Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарып жалғыз гол ұрған Жамбыл Көкеев:
— Жамбыл, бұл ойыннан бұрын баспен қарсыластарыңның қақпасына доп енгізіп пе едің?
—
Иа, 2008-жылдың 8-наурызында "Алма-ата" сапында Петропавлдықтар қақпасына баспен салдым.
— Сириямен өткен ойында қай құрама мықты ойнады деп ойлайсыз??
—
Бізде жеңіске жету үшін мүмкіндіктер көп болды. Біз бұл ойында қолдағы мүмкіндіктерді пайдалана алғанда, жеңіс біздің қолда болар еді.
Қайрат Нұрдәулетов, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:
— Біз алғашқы таймда қорғаныста жақсы ойнадық, ал ойынның екінші бөлігінде шабуылға иек арттық. Менің ойымша ойын жақсы өтті. Бұл кездесу «Еуро-2012» іріктеу турнирінің аясында қыркүйек айында өтетін қос матчқа тыңғылықты дайындық болды.