Жарнама
Жарнама

Қазақстан әйелдер құрамасының Грекия және Франциямен болатын ойындарға арналған құрамы жарияланды

17.10.2021, 17:53
Қыздарымыз 22 және 26 қазан күндері ойнайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Жаңа ойындар қарсаңында Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы ойыншылардың тізімін жариялады. Калоян Петков шәкірттерінің дайындығы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қазан айында Қазақстан құрамасы екі ойын өз алаңында өткізеді.

Қазақстан мен Грекия әйелдер құрамаларының ойыны 22 қазан күні сағат 17:00-ге жоспарланған.

26 қазан күні Қазақстан құрамасы Францияны қабылдайды. Екі кездесу де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қақпашылар: Ирина Саратовцева, Ангелина Портнова (екеуі де – №8 БЖМОРСМ)

Қорғаушылар: Александра Бурова, («БИИК-Шымкент»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қозыева (екеуі де – «Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мадина Жаңатаева (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова (екеуі де – «Томирис-Тұран»).

Шабуылшылар: Светлана Бортникова, Алина Лозукова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Сәуле Қарыбаева, Әсел Көбесова (екеуі де – «Томирис-Тұран»);

Бапкерлер құрамы: Калоян Петков – бас бапкер, Искандар Геймат – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбітова – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Никита Утробин – менеджер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров