Жарнама
Жарнама

Қазақстан - Әзербайжан матчының үздік ойыншысы анықталды

04.06.2022, 18:47
Қақпашымыз кеше ұлттық құрамада алғаш рет «құрғақ» матч өткізді.
Жарнама
Жарнама

SofaScore аналитикалық порталы Қазақстан - Әзербайжан матчындағы (2:0) ойыншыларының рейтингін жариялады.

Кездесудің үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий танылды (8,7). Ол кешегі ойында 7 рет сейв жасап, ұлттық құрамада алғаш рет қақпасын голдан аман сақтады (ресми матчтарда). Үздік үштікке дубль авторы атанған Абат Айымбетов (8,1) пен қорғаушы Нұралы Әліп (7,5) кірді.

Әзірбайжан құрамасында Эмин Махмудов (7,9), Эдди Сильвестр (7,5) және Ренат Дадашов (7,4) үздіктер қатарынан көрінді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров