Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Беларуссия құрамасынан жеңіліп қалды. Минскіде өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Бірінші таймда Евгений Яблонский өз командасын алға шығарды, ал Роман Юзепчук матчтың соңғы минутында гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Осылайша, Михал Билектің шәкірттері топта жеті ұпаймен алға шыққан Беларуссиядан екінші рет ұтылды.
Енді Қазақстан төрт ұпаймен соңғы орында тұр. Осы топтың тағы бір матчында Литва құрамасы өз алаңында Албания құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Аталған қарсыластар төрт кездесуде бес ұпайдан жинап, кестенің екінші-үшінші орнын бөлісіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET